Ақтау халықаралық әуежайынан 400 адам эвакуацияланды. Оқиға кеше түнде сағат 21.00-де болды. Полиция берген мәліметке сүйенсек, әуежай аумағындағы қоқыс контейнерінің жанынан қол сөмке табылған. Осыған орай жедел әрекет ету қызметі аумақты қоршап, әуежайдағы барлық жолаушы далаға шығарылды. Алайда сөмкеден қауіпті ештеңе табылмаған. Тексере келе оның иесі 21 жасар Ақтау-Шымкент рейсінің жолаушысы болып шықты. Ол тіркеуден өткенде, артық жүкке төлейтін қаражаты болмай, жұмыс киімдерін бір сөмкеге салып, тастап кеткен.
Аягөз Оралбайқызы