Алматыда 7 сауда нүктесі отқа оранды. Төтенше жағдай түс мезгілінде «Самал» көтерме-бөлшек сауда орталығының маңайында болған.
Тілсіз жау әп-сәтте қаз-қатар орналасқан 9 сауда орнының жетеуін күлге
айналдырды. Өрт сөндірушілердің болжамынша, қызыл жалын «Ломбард» дүкені орналасқан ғимараттағы электр тоғының тұйықталуынан болуы мүмкін. Қазір «Ломбард» пен автобөлшек құралдарын сататын дүкеннің иелері шығын көлемін есептеп жатыр. Төтеншеліктер сауда нүктелері өрт басталғаннан кейін 10 минутта жеткен. Адамдар аман.
Сандуғаш Баймұхамбетова, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
13 сағат 03 минутта Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне «Самал» базары өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт аумағы 153 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.