Батыс Қазақстанда бензин қымбаттап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда бензин қымбаттап кетті

05.04.2021

Батыс Қазақстанда бензин бағасы күрт өсті. Бір апта бұрын АИ-92 – 152 теңге тұрса, қазір кей бекеттерде 169 теңгеден сатылып жатыр. Кейбірінде талонмен беріліп жатса, енді бірінде жанармай мүлдем жоқ. Атырау мұнай зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан бензин тапшылығы туындады дейді құзырлы орган.

Әсел Әбуева, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:
Елімізде жанармай бағасын нарық реттейді. Ақпанның 8-інен бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары басталды. Сондықтан көтерме жеткізушілер мұнай өнімдерін Шымкент, Павлодардан тасып жатыр. Атырау зауыты толық жұмыс істеген соң, жағдай тұрақталады.

Қызылордада да АИ-92 маркалі бензин қымбаттап кетті. Қазір жанармай-құю бекеттерінде литрі 162 теңгеден сатылуда. Аймақта бензин бағасы жыл басынан бері 12 теңгеге көтеріліп отыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу