Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды

05.04.2021

Қарағанды облысындағы Саран қаласында шина шығаратын зауыт ашылады. Оның құрылысын Премьер-Министр Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов бастап берді. Алғашқы өнімі 2023 жылы шығады. Өндірістік қуаты басында жылына 3,5 млн, кейін 9 млн шинаға дейін жетеді. Бұл Қазақстанда құрастырылатын көліктерге салынатын отандық бөлшектердің үлесін арттырып, импортты алмастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, өнімнің 40 процентін экспортқа шығару жоспарланып отыр.

Наиль Маганов, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры: 
Бұл өнім Қазақстандағы жайлы инвестициялық климаттың нәтижесінде шыққалы тұр. Біз үшін Қазақстан экономикалық жағынан да, жұмыс істеуге қолайлылығы жағынан да жақсы болып тұр.
Александр Смышляев, «KAMA TYRES KZ» ЖШС директоры: 
Зауытқа құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 284 млн доллар шамасында.  Зауыт 1100 Қазақстан азаматын жұмыспен қамтиды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу