Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті

05.04.2021

Жерді бағбандықтан басқа мақсатқа беруге тыйым салу керек. Сала заңгері Бақытжан Базарбектің ұсынысын жер реформасы комиссиясының мүшелері қолдады. Яғни, бұған заңнамалық тұрғыда шектеу қойылуы мүмкін. Сонымен қатар, жалға берілетін алқаптарға ең жоғары шекті мөлшерін бекіту көзделіп отыр. Комиссияның кезекті отырысында екі жұмыс тобы құрылды. Онда экономикалық және құқықтық мәселелер қаралады. Отырыс соңында қоғам өкілдері арасынан төраға орынбасарын сайлауды ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаев комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

Асима Нұрбайқызы


жер реформасы жер туралы

Хабарламаларға жазылу