Әлем пандемиядан басталған дағдарыстан биыл тез қалпына келеді. Бірақ кейбір елдер бәрібір даму көшінің соңында қалуы мүмкін. Мұны «Блумберг» агенттігі сарапшылардың болжамына сүйеніп хабарлады.
Постпандемиялық дәуірде АҚШ пен Қытай көш бастамақ. Екі супердержаваның біріншіcі экономикаға триллиондаған доллар құйса, екіншісі өз ішінде коронавируспен тиімді күресіп өркендеу жолына оралып жатыр.
Сарапшылар баяндамасында ғалам экономикасының биыл 6,9 пайызға өсіп, 1960 жылдардан бері рекорд байқататыны да айтылған. Ал, артта қалатын мемлекеттер қатарында дамушы елдер мен Еуропа одағы, соның ішінде Франция мен Италия бар.
Арыстан Рысбек