Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

05.04.2021
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – ҚХР-дан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% басқа елдерден оралды.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.

Хабарламаларға жазылу