Қайрат Сақ: Қазір материалдарды ұрлап алу немесе иеленіп кету жиі кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сақ: Қазір материалдарды ұрлап алу немесе иеленіп кету жиі кездеседі

04.04.2021

Сенатта парламенттік тыңдау өткен – Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу деген тақырыппен. Көп дүние қозғалды. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің ашынып айтқан сөзін қазір береміз.

Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев: Қоғамда сенім болған жерде адами қарым-қатынастың нығаюымен қатар, экономика да дамиды деген заңдылық бар. Мәселен, Нобель сыйлығының лауреаты Кеннет Эрроу елдің экономикалық артта қалуын өзара сенімнің болмауымен түсіндіреді, деді.

Парламенттік тыңдауда әлеуметтік желілерді реттейтін заң қабылдау туралы сенатор Б.Жұмағұлов айтқан, бұл өзінше үлкен тақырып. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет пен бес министрлікке ұсыным жолданды. Көтерілген мәселелердің кейбіріне Нысаналы Ығыл тоқталады.


Хабарламаларға жазылу