Шымкентте жаңадан салынған асфальт жолдар жылға жетпей ойылып, астаң-кестеңі шығып жатыр. Ал оны салған құрылыс компаниялары жұмыстың не себепті сапасыз атқарылған ашып айта алмай отыр.
Тап осы «Достық строй монтаж» компаниясы былтыр 53 миллион теңгеге ұзындығы небәрі 900 метрлік көшеге жөндеу жүргізілген. Бірақ жыл айналмай жатып, көшеден көрік кетті. Бетіне жалатып қана төсеген асфальт жабындысы көшіп, шұрық-тесік болып жатыр. Жалпы мегаполисте былтыр 228 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, сол нысандардан 1 мыңға тарта кемшілік анықталған. Мердігерлер көбіне нормативті көрсетілген 10 сантиметрдің орнына төсеніштің қалыңдығын барынша жұқартуға тырысқан. Тар жерлерде су жүйелерінің есептеу құралдары орнатылған темір қобдишалар мен электр бағаналары, газ құбырлары аяқ жолдардың үстінде қалып қойған. Сондай-ақ бордюр мен су ағатын науалар да дұрыс орнатылмаған боп шықты.
Асылжан Назарбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:Анықталған кемшіліктер бойынша барлық мердігер компанияларға ескерту жасалып жатыр. Егер кепілдік мерзімінде қандай да бір ақау пайда болған болса өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.
Ғани Қалмаханов