Тайваньда пойыз апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда пойыз апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты

02.04.2021

Тайваньда пойыз туннельде жолдан тайып, кемінде 41 адам мерт болды. Тағы 60-тан астамы жараланған. Сонымен қатар, 200-дей адам вагондардан шыға алмай жатыр. 

Болжамдарға қарағанда, пойыз туннелдің кіре берісіне рельске абайсызда құлаған құрылыс машинасымен соқтығысса керек. 

Ел астанасы Тайпэйден Тайтунг қаласына бара жатқан теміржол көлігінде 500-ге жуық адам болды. Оның 8 вагонының алғашқы төртеуінен 100 жолаушы құтқарылды. 

Әдетте ең қауіпсіз саналатын бұл пойыз сағатына 130 шақырымдық жылдамдықпен жүре алады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандардың ішінде оның машинисі де бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу