Ресей әскері жаттығуды аяқтаса да, Украина шекарасы маңынан кетпей отыр. Мұны Пентагонға сүйене отырып, «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлады. Сонымен қатар, ресейлік әлеуметтік желіде соғыс техникасының да Украина шекарасы мен Қырымға жеткізіліп жатқаны туралы мәліметтер жарияланып жатыр.
Айта кетсек, кейінгі кездері Донбасста атыстар жиілеп отыр. Сондықтан, Украинаның шығысындағы жанжал қайта жаданады деген қауіп бар.
Дегенмен, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей қарулы күштері өз территориясында бір жерден екінші жерге көшкендіктен, бұған ешкім алаңдамауы керек.
Арыстан Рысбек