Қытайға жүк тасымалдау қайта тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға жүк тасымалдау қайта тоқтатылды

01.04.2021

Еліміздің тауар экспорттаушылары үшін Қытай шекарасы қайта жабылды. Қазақстан темір жолы "Достық" стансасы арқылы көрші елге жүк тасымалдауға кезекті рет шектеу қойып отыр. Ол осы сәуірдің ортасына дейін жалғаспақ. Бұл кәсіпкерлердің түсінбеушілігін тудырып отыр. Өйткені бір апта бұрын ғана екі ел тауар тасымалы туралы келісімге келген еді. Тіпті, биыл осы станса арқылы Қытайға 16 миллион тонна жүк жіберілетіні айтылған. Бірақ көрші ел вагондарды қабылдап жатқан жоқ. Қазір 150-ге жуық пойыз бен азық-түлік тиелген тағы екі мыңға жуық вагон қаңтарылып тұр. Жағдайды ушықтырмау үшін жүк тасымалына шектеу қоюға тура келген. Бизнесмендер болса, Үкіметтен көмек сұрап отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу