Жамбыл облысында жеке кәсіпкердің сауда кешені жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жеке кәсіпкердің сауда кешені жанып кетті

26.11.2018

Жамбыл облысында сауда кешені тұтастай жанып кетті. Базар жеке кәсіпкерге тиесілі. 700 шаршы метр аумақтағы пластиктен салынған дүңгіршектер әп-сәтте күлге айналды. 8 ауыр техника мен 51 өрт сөндіруші қызыл жалынды бір сағатқа жуық ауыздықтады. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электрсымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Ал, сауда кешені басшылығының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны белгілі болды. Салдарынан, киім-кешек сататын 50-ге жуық саудагер зардап шекті. 

Талғат Сабиров, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Болжам бойынша өрттің шығу себебі, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан. Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына 3 минутта жетті.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу