Түркістан облысында тойға барып, коронавирус жұқтырғандар қатары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тойға барып, коронавирус жұқтырғандар қатары көбейді

01.04.2021

Түркістан облысында тойға барып, індет жұқтырғандар қатары көбейді. Өңірдің санитар-эпидемиологтары осылай деп дабыл қағуда. Мамандардың айтуынша, науқастар түрлі отбасылық жиындарға барып, ауруға шалдыққан. Соңғы тәулікте аймақта 8 адамда COVID-19 анықталса, бес адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жыл басынан бері облыс аумағында 192 той тоқтатылып, айыппұл салынған. Оның ішінде беташар, қыз ұзату, үйлену тойлары жиі өткізілуде. Салдарынан науқастар саны күрт өсіп отыр. 

Бахтыораз Елемесов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда 45 пайызға өсіп отыр. Пневмония және короновирус инфекциясын қоса алғанда. Төле би, Сайрам, Жетісай, Мақтаарал аудандарында көбірек тіркеліп отыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу