Қарағандыда жұмыссыздарды алдаған алаяқтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жұмыссыздарды алдаған алаяқтар ұсталды

01.04.2021

Қарағандыда тұрғындарды жұмысқа қабылдаймыз деп алдап, ақшасын жымқырған алаяқтар ұсталды. Өздерін дәрігер мен асхана қожайыны ретінде таныстырған Павлодар және Екібастұз қалаларының екі азаматы жұмыссыз жүрген қарағандылықтарды өздері құрған құйтырқы әрекеттің құрбаны етіп отырған. Бірі жарнама сайтына жол бойындағы кемпингтен жалақысы жоғары жұмыс ұсынып хабарлама жариялаған. Оған келіскендерді бірден өзінің сыбайласына 086 медициналық анықтамасы мен басқа да құжаттарды тездетіп жасатып алуға бағыттаған. Ол үшін қаражатты телефонға аудартып отырған. Алаяқтар асхананың мекен-жайын, телефон номерін жиі ауыстырып ізін жасырған. Полиция екі күдіктіні де ұстады. Іс сотқа жіберілді. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу