Пандемия басталғалы құмар ойынға қызығушылар артқан. Мәселен 2020 жылы қазақстандықтар 79 миллиард теңгесін букмекерлік кеңселер мен құмар ойын ұйымдастырушы компанияларға жұмсаған. Ұтыс тігушілер 2019 -бен салыстырғанда бірден 6 есе көбейген. Мамандар бұған коронавирустың кесірінен карантиндік шаралардың енгізілуі себеп дейді. Түрлі кафе, кинотеатрлар мен көңіл көтеру орындары жабылған соң, құмар ойынға қызығушылар артқан. Ұтыс тігушілердің көшін алматылықтар бастап тұр. Олардан Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары да қалыспайды.
Досжан Маратұлы