Алматыда әйел адамның басына мұз сүңгі құлап қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әйел адамның басына мұз сүңгі құлап қайтыс болды

20.11.2018

Бүгін түс кезінде қаланың Марков көшесіндегі 9 қабатты үйдің шатырындағы мұз еріп, үйге кіріп бара жатқан әйелдің үстіне түскен.

60 жастағы әйел жедел-жәрдем көлігі жеткенше қайтыс боп кеткен. «Бұл үйдің коммуналдық жұмыстарына жауапты компания ауланы қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізгенін айтқан еді», - дейді әкімдік өкілдері. Осы оқыс оқиғаға қатысты қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Ал, әкімдік өкілдері өткен аптаның өзінде үй шатырларындағы қар мен мұзды дұрыс тазаламаған 8 компанияны жазалап, айыппұл салыпты.

Жанат Жақсыбаев, Бостандық аудандық әкімдігі Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Бізде «Верный выбор» ЖШС деп аталатын компания бар. Оны тұрғындардың өздері сайлаған. Негізі өткен аптада үйдің төбесінде жиналған мұзды, қарды алдық деп төраға бізге жеткізді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу