Ауыр сырқатқа шалдыққан батысқазақстандық бүлдіршіннің еміне халық 1 млрд теңге жинап берді. Эмир Шахмаровқа арқа бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған. Жастан асса да, еңбектеп жүре алмайды, тек отырады. Бала өмірін құны 1 млрд теңге тұратын шетелдік дәрі құтқара алады. Бір ғажабы, жинақтың жабылуына жетпей тұрған 200 млн-нан астам қаражатты аты-жөнін құпия қалдырған ел азаматы аударған.
Талех Шахмаров, Эмирдің әкесі:
Баршаңызға алғысымыз шексіз. Енді біз Ресейге барып емделеміз. Сіздер салған әр теңге, жолдаған әр тілектің арқасында енді баламыз өмір сүреді.