Шымкентте меншігінде 45 автокөлігі бар азамат салық берешегін төлемеген. Оның мемлекет алдындағы қарызы төлем өсімін қосқанда 3 миллион теңгеге жуықтап қалған. Жалпы алғанда мегаполисте 16 мыңдай азамат көлік салығына берешек. Олардан қала қазынасына 70 миллион теңге кіріс түсуі қажет болатын. Кірістер басқармасы борышкерлерге д бірнеше рет ескерту жіберілген соң олардың құжаттарын сот орындаушыларына өткізуге мәжбүр.
Ғани Қалмаханов