Алматыда алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын кәсіпкерлер Алматы-Анталия әуе рейсі арқылы құны 68 миллион теңгеге жуық, салмағы 3 килограмнан асатын алтын құймаларын тасымалдағаны анықталды. Олардың әрекетін экономикалық тергеу департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері тоқтатты. қылмысты әшкерелеуге әуе компаниясының қызметкерлері де атсалысқан.
Жақсылық Мырзахан, қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:Соттың үкімімен 4 азамат та кінәлі деп танылды. Қылмыс жасаған екі азаматқа қатысты 3 миллионнан аса айыппұл салынды, тағы қылмысты жасауға көмектескен екі азаматқа қатысты 1 жылдан бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған болатын. қосымша жаза ретінде бұл азаматтарға қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды.