Әлемде мұнай бағасы қайта өсе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы қайта өсе бастады

31.03.2021

Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы қайта өсе бастады. Себебі инвесторлар ОПЕК пен оның Ресей, Қазақстан тәрізді одақтастары энергетикалық шикізат өндірісін қысқарту туралы келісімді мамырға дейін созады деп үміттеніп отыр. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы мұнайдың құны 0,2 пайызға көтеріліп, 64 доллар 29 центке жеткен. Ал, америкалық сұрып WTI 0,3 пайызға қымбаттап, биржаларда 60 доллар 70 центке саудаланды. 

Болжамдарға қарағанда, ОПЕК+ мемлекеттерінің мұнай өндірісін талқылайтын кезекті жиыны ертең өтуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу