Шымкент қаласы тұрғындардың коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша қауіпті аймаққа енуі мүмкін. Өйткені өткен аймен салыстырғанда наурызда індетке шалдыққандар саны екі есеге өсіп кетті. Бас-аяғы бір айдың ішінде 600-ге тарта адам вирус жұқтырған. Осыған байланысты мегаполисте карантин мерзімі ұзартылып, шектеу шаралары қатаңдатылды. Бұған дейін түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы 1 сағатқа қысқарды. Мүмкіндігіне қарай, мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызына қашықтан жұмыс істеу ұсынылды.
Болат Нұрманов, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:Одан кейін спорт шаралары көрерменсіз өтсін деп талап қойып жатырмыз. Жұма намазына тыйым салынды. Сол себепті мобильді топтардың жұмысы күшейтілуде.
Ғани Қалмаханов