Ақтөбе облысы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы «қызыл» аймаққа енді

31.03.2021

Ақтөбе облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа енді. Өңірде наурызда вирус жұқтырғандар саны өткен екі аймен салыстырғанда үш есеге жуық өскен.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шектеу шаралары барынша күшейтілді. Ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдары жанындағы асханалар мен банкет залдары және мұражай, кітапхана, театрлар да жұмыс істемейді. Қалааралық,облысаралық автобустардың қозғалысы да тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері шектеу талаптарын сақтай отырып, кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді, ал жексенбі күні жабық болады. 

Соңғы мәлімет бойынша, өткен тәулікте облыста 82 адамнан вирус табылған. Қазіргі таңда 1427 адам үй карантиніне алынып, оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр. 

коронавирус

Хабарламаларға жазылу