Өткен тәулікте коронавирустан 17 адам көз жұмды. 1663 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 244981-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1063 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 219094. Қайтыс болғандар - 3046.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 642 адам ем қабылдап жатыр. 353 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 82 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50525 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48036 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 688.