Түркістанда 2,5 трлн теңге болатын 115 жоба жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 2,5 трлн теңге болатын 115 жоба жүзеге асырылады

30.03.2021

Ал түркі әлемінің алтын бесігі Түркістан күннен-күнге көркейіп келеді. Алдағы екі жылда облыста 115 жоба жүзеге асырылады. Туризм, құрылыс, өнеркәсіп пен баламалы энергия және жасыл экономика саласына бағытталған тың жобаларға қазынадан 2,5 трлн теңге қарастырылған. Облыс орталығы болғалы бері Түркістан «мәдени-рухани» әрі «әкімшілік іскерлік орталық» ретінде дамып келеді. Елбасы өзі қазығын қағып, жоспарын сызып берген орталықтағы нысандардың бірқатары пайдалануға берілді. Шаћарда тұрғын үйлер құрылысы да қарқынды. Сондай-ақ, жуырда ғана халықаралық әуежай іске қосылып, бес жұлдызды қонақ үйлер ашылды. Облыстың негізгі капиталына 703 млрд теңге инвестиция бағытталып, соның арқасында 100-ден аса жоба іске асып жатыр.


Хабарламаларға жазылу