Әлеуметтік тауардың шекті бағасы бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік тауардың шекті бағасы бекіді

30.03.2021

Ал Қарағанды облысында жұмыртқаның шекті бағасы бекітіледі. Енді тауардың он данасын 346 теңгеден қымбат саудалауға болмайды. Бұл туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасында көрсетілген. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар тауарға жататын картоп мен өсімдік майының да шекті сомасы қойылды. Майдың литрі 597, картоп келісі 94 теңгеден аспауы қажет. Әкімдік қаулысы қоғамдық талқылаудан өтті. Ресми тіркеуден соң қаулы күшіне енеді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу