Алматылықтарға отандық вакцина салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтарға отандық вакцина салынады

30.03.2021

Алматылықтарға отандық QazCovid-in вакцинасы салынады. Бұл туралы қаланыңбас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Қалаға аталған екпенің 6 мың дозасын келер айда жеткізу жоспарланған. Жалпы ақпан айынан бері мегаполиске Спутник V вакцинасының18 мыңға жуық дозасы жеткізілген. Ал сәуірде шамамен 65 мың дозасы келеді. Сондай-ақ, алып шаћарға алдағы уақытта қытайлық вакцина түсуі мүмкін. Алайда, әзірге оның уақыты мен көлемі белгісіз. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин коронавирустың алматылық штамы пайда болғаны туралы ресми мәлімет жоқ екендігін айтты. Оның сөзінше, зертханалардан тек ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамға қатысты ақпарат алынған.

Жандарбек Бекшин,қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Біз мутацияланған екі коронавирус штамын ескере отырып, науқастар саны одан сайын көбеюі мүмкін деп топшыладық. Себебі, вирустың бұл түрі әдеттегіден қауіптірек. Бұған дейін вирус отбасындағы бірнеше адамнан анықталса, мутацияланған штамдар үй тұрғындарына түгел жұғады. Сондықтан, қатаң шаралар қабылдауды тапсырдық.

Мегаполисте өткен тәулікте 545 адамнан коронавирус анықталды. Инфекциялық стационарларда жатқан 2700 науқастың 32-сініңжағдайы өте ауыр. Мамандардың айтуынша, соңғы айларда науқастанған балалар саны едәуір көбейген. Жыл басынан бері 1500-ге жуық бүлдіршін инфекция жұқтырған. Сондықтан, бас санитар оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірді.




Хабарламаларға жазылу