Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 380 мың тонна жанармай бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 380 мың тонна жанармай бөлінді

30.03.2021

Оның литрі нарықтағы бағадан 20 теңге арзан. Бүгін Үкіметте көктемгі науқан жайлы баяндаған Ауыл шаруашылығы министрі биыл үш миллион гектардай жерге егін егілетінін айтты. Әзірге төрт аймақ, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жұмыс қызған. Өзге өңірлер күннің жылуын күтіп отыр. Қазір екі жарым миллион тонна тұқым мен техника дайын дейді министр. Айта кетерлігі, биыл әлеуметтік азық-түліктер үшін егін алқаптары артады. Әсіресе қарақұмық пен картоп жылдағыдан көп өсірілмек. Ал көктемгі науқанды өткізуге 116 миллиард теңге көлемінде кредиттік қаржы бөлініп отыр. Премьер оны тиімді жұмсап, істі тиянақты атқару керек деді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Былтыр пандемияға қарамастан егін жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақытылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді. Биыл көктемгі егістікті қаржылай материалдық техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Ауылшаруашылығы мен өңірлердің әкімдіктерінің алдында егін науқанын сапалы жүгізу міндеті тұр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу