Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында полиция қызметкері асылып өлді. 25 жастағы тәртіп сақшысы Теңіз мұнай кен орны аумағындағы полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның денесі стадиондағы турникте дарға асылып тұрған жерінен табылды. Қазір оқиғаға қатысты тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл аймақта полиция қызметкерінің өлімімен байланысты осы наурыз айында болған үшінші қайғылы оқиға.
Жандос Темірғали