Алматыда толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды

29.03.2021

Алматыда толассыз жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды. Салдарынан қала көшелерін су басып, көлік қозғалысы қиындады. Ағын су арықтан асып, жаяу жүргіншілер жолына дейін шығып кетті. Таңға жуық басталған жаңбыр әлі де себелеп тұр. Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті мегополистегі ауа райына байланысты ескерту жариялаған. Департамент мәліметінше жауын-шашынның көп түсуінен таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі жоғары. Ал «Казгидромет» мамандары қолайсыз ауа райы аптаның соңына дейін жалғасады деп отыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу