Халықтың зейнетақы төлемдері енді жыл сайын 5%-ке көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың зейнетақы төлемдері енді жыл сайын 5%-ке көбейеді

29.03.2021

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап төлемді есептеудің әдісін өзгертеді. Ranking-тің есептеуінше, биылға дейін халықтың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асқан. Бір жылда 20 пайызға көбейіп отыр. Алғашқы жылы аударылатын айлық төлемді есептеу үшін зейнетақы қорындағы қаражатты 6,5%-ке көбейтіп, шыққан соманы 12-ге бөлу қажет. Индекстеу арқылы одан кейінгі жылдары да 5%-ке көбейіп отырады. Бұрын төленетін жарнаны индекстеу әдісі болған жоқ. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу