19 жасар қызды өліміне қатысты іспен прокуратура айналысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 жасар қызды өліміне қатысты іспен прокуратура айналысады

29.03.2021

19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты қылмыстық іспен енді прокуратура айналысады. Қала прокуратурасының мәліметінше сот күдіктіге «екі айға қамауға алу» шарасын қабылдаған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Басқа да ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты айтылмады.

Еске салайық, 19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кеткен. 22 наурызда қыздың өлі денесі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар деген күдікті Түркістан облысының 1993 жылы туған азаматы. Полиция оның пәтерін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Ол бірден №7 клиникалық ауруханаға жеткізіліп, арнайы күзет қойылған. Дәрігерлердің рұқсатынан кейін 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоялторына ауыстырылды.

Қанат Күнғожинов, қалалық арнайы прокурорлар басқармасының басшысы:
ҚР 193-бабына сәйкес қылмыстық істі біз өндірісімізге алдық. БАҚ және қылмыс қатыгездікпен жасалғандықтан осы қылмыстық істі біз өзімізге алдық.  Қазіргі уақытта барлық версиялармен, барлық қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Хабарламаларға жазылу