Семейде танымал спортшы Жасұлан Әбиев көмір кезегінде тұрып қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде танымал спортшы Жасұлан Әбиев көмір кезегінде тұрып қаза болды

16.11.2018

Семейде дзюдо спортынан бірнеше дүркін чемпион Жасұлан Әбиев көмір кезегінде тұрып қаза болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 қараша күні Қаражыра көмір кенішінде болған. Қатты отын алуға кезекте тұрған адамдар өзара жанжалдасып арты төбелеске ұласқан. Спортшы басынан алған ауыр жараттан көз жұмған. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қылмыстың ізін суытпай полицейлер 1994 жылғы Семей қаласының тұрғынын күдікті ретінде қамауға алды. 

Елубек Оспанов, қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 1994 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған Семей қаласының азаматы ұсталып, бұл азамат қазіргі таңда Семей Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

 

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу