Ал, түстен кейін қос елдің Мемлекет басшылары Астананың көрікті жерлерін аралады. Алдымен олар Назарбаев Университетіне ат басын бұрды. Шавкат Мирзиёевке жоғары оқу орынының бас жоспары таныстырылып, Университет жанындағы ғылыми орталықтың жұмысы көрсетілді.
Өзбек басшысы оқу ордасына қолжазбасын қалдырды. Одан соң мәртебелі мейман Орта Азияның жауһары саналатын «Астана Опера» театрын тамашалады. Сәулеті мен дәулеті жарасқан өнер ордасының шығармашылық және техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.