Жамбыл облысында шаруашылықтың бүкіл малын сатып жіберген шопан ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шаруашылықтың бүкіл малын сатып жіберген шопан ұсталды

29.03.2021

Жамбыл облысында шаруашылықтың бүкіл малын сатып жіберген шопан ұсталды. Байзақ ауданының полиция бөліміне 61 жылқысы мен 169 қойы жоғалған тұрғыннан арыз келіп түскен. Тергеу кезінде табын-табын жылқы мен отар қойды қолды қылған шопанның өзі болып шықты. Былтырғы қараша айынан бастап шопан төрт түлікті Байзақ ауданындағы жайылымда бағып келген. Қазір барымтаға барған малшыға қытысты тергеу жүріп жатыр.

Бекман Құтмырзаев,  облыстық ПД басшысы баспасөз хатшысының міндетін атқарушы: 
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өз кінәсін мойындаған шопан уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу