Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына қоғам белсенділері де алаңдап отыр. Сондықтан еліміздің бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулыны бұлжытпай орындап, қорғанып жүруге шақырады. Қазірдің өзінде қала бойынша тәулігіне коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ден асып кетті.
Айгүл Соловьева, экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы:Үкіметтің қабылдаған шешіміне әр азамат өз денсаулығы үшін бағынуы тиіс. Бүкіл әлем локдаунды ойдан шығарып отыр деген алып қашпа әңгімелерден сенбеуіміз керек. Себебі, заңға бағыну өркениетті және демократиялық қоғамның басты көрсеткіші.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:Жауапкершілікті тек билікке ғана тағып қоймай, өзіміздің күтініп жүруіміз, өзіміздің қауіпсіздік шараларын тиісті түрде сақтауымыз өте маңызды. Себебі, айналып келгенде қоғамда жауапкершілік, түсіністік болмаса тіпті ең керемет шаралардың өздері түбі нәтиже әкелетіні неғайбыл.