Қазақстанға қытайлық Sinovac вакцинасының 3 млн дозасы жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға қытайлық Sinovac вакцинасының 3 млн дозасы жеткізіледі

29.03.2021

Қазақстанға қытайлық Sinovac вакцинасының 3 млн дозасы және ковидпен ауырып, айыққандарға арналған «Спутник Лайт» вакцинасының 1 млн дозасы жеткізіледі. Қазір «Файзер» вакцинасын әкелу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елімізге 150 мың доза әкелінуі тиіс. 750 мың екпе дозасы Қарағандыдағы зауытта өндірілді. Енді олар бір аптаның ішінде өңірлерге жіберілмек. Ал келер айда отандық зауыт тағы бір млн екпе дозасын шығармақ. Министрдің сөзінше, елде вакцина тапшылығы сезілмеуі тиіс. Сәуірде министрлік тарапынан онлайн есептеуіш құрылғы жұмыс істемек. Ол екпе салдырғандардың тізімін жасауға мүмкіндік бермек. 

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу