Жалған ақпарат тарап жатыр. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сәуірдің ортасына дейін жұмыссыз режим енгізілетіні шындыққа жанаспайды. Елорда әкімдігі мұны фейк деді. Бұл былтыр Үкімет басшысының төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қабылданған шешім болатын. Кей желі қолданушылары соны желеу етіп, қайта жариялаған.
Айта кетейік, бас қаладағы ахуал туралы кешкі 18.00-де арнайы брифинг өтіп, қолданылатын шаралар баян етіледі.
Нысаналы Ығыл