Алматыда 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген күдікті ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген күдікті ауруханадан шықты

29.03.2021

19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылды. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше сот оған  «қамауға алу» шарасын қабылдаған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кеткен еді. 22 наурызда қыздың өлі денесі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 1993 жылы туған азаматы ұсталған. Полиция оның пәтеріне есігін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол салмақ болған. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу