Алматыда коронавирустың үшінші толқыны басталды. Бұл туралы тікелей эфир барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
«Өткен жылмен салыстырғанда жағдай күрделі. Коронавирус жұқтырғандар саны жаңа штамның пайда болуынан өсіп отыр. Қалалықтар жағдайды түсіну керек. Барлық санитарлық норманы сақтау қажет. Соңғы кезде адамдар маска тақпайтын болды. Толықтай вакцина алып, ұжымдық иммунит қалыптастыру керек»,-дейді әкім.
Айтуынша, қалада коронавирустың үшінші толқыны басталды.
«Былтырмен салыстырғанда жағдай екі есе күрделі. Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау саласындағы жағдай жақсы. Біз үш жаңа инфекциялық аурухана салдық. Қазір он алты аурухана өкпені жасанды тыныс алу аппаратымен қамтамасыз етілді. Қазір әр палатада әр төсектің жанында тұр. Дәрі-дәрмек жеткілікті»,- деді Бақытжан Сағынтаев.