Әкімдік газдандырумен айналысатын негізгі компаниялармен бағаны төмендету бойынша келісімге келген. Мәселен ұзындығы 30 метрге жететін газ құбырын орнату бұрын 200 мың теңгеден асса, қазір 150 000 теңге тұрады. Мамандардың айтуынша, бұл сомаға материал шығыны, нысанды газбен жабдықтау жөніндегі жұмыс жобасы, газ есептегішті орнату мен тағы бірнеше қызмет кіреді. Газ кіргізумен 10-нан аса компания айналысады. Айта кетейік, сұйытылған мұнай газының шекті сомасы анықталды. 1 сәуірден бастап салық төлемін қоспағанда тоннасы 38 700 теңге болып бекіді.
Ақерке Бектас