Шымкентте карантин 12-сәуірге дейін ұзартылды. Топтасып жиын-той өткізуге болмайды, 65 жастан асқан еде адамдардың көшеде жүріп-тұруына шектеу енгізілді. Ал, Ақтөбе облысында індет орта жастағы адамдар арасында етек алып барады. Ковид жұқтырғандардың орташа жасы 35-37-і. Соңғы тәуліктерде облыста ауырғандар саны 40-50 адамнан түспей тұр. Індет өршіген Ойыл ауданы қызыл аймақта. Елді мекеннің кіреберісіне санитариялық бекеттер қойылып, кіріп-шыққан адамдар тексерілетін болады.
Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:Тіркелген аурулардың арасында ең көбі жастардың арасында.Ол 30-39 жастағылардың арасында 106 жағдай тіркеліп отыр. 1 қаңтардан бастап 40-49 жастағыларда 94 жағдай тіркеліп отыр. 50-59 жас аралығында 85 жағдай тіркеліп отыр.
Маңғыстауда соңғы 10 күнде 12 оқушы мен 4 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды. Балалардың басым бөлігі мектепте оқиды. Сондықтан сыныптар карантинге жабылып, дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Оқушылардың ауруды үйде жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы оқу жылы басталғалы өңірде 150-ге жуық оқушы қатерлі індетке шалдықты.
Жақсыбек Кемал