Екі айда дәрі-дәрмектің бағасы 9,5%-ке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі айда дәрі-дәрмектің бағасы 9,5%-ке қымбаттады

26.03.2021

Былтырға қарағанда 30%-ке көбірек препарат өндірілгеніне қарамастан құны біраз өскен. Антисептиктердің бағасы әсіресе, йодтың 5% ерітіндісі 31 пайызға дейін, этил спирті 30 пайызға дейін қымбаттаған. Energyprom-ның есептеуінше, негізгі дәрі-дәрмектің бағасы 10-15%-ке дейін көтерілген. Жалпы қаңтар-ақпанда фармацевтикалық өнімдер өндірісі 25 млрд теңгеден асты. Жақында Мәжіліс депутаттары халықты қажетті препаратпен толық қамтамасыз ету үшін дәрінің шекті бағасын қайта қарауды ұсынған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу