Қапшағай қаласының «Шығыс» ықшам ауданы маңындағы шұңқырлардан көп көлемде медициналық қалдықтар табылды. Дабыл қаққан тұрғындар тамырға салатын инелер мен шприцтардың шашылып жатқан видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Сол маңда балалар ойнап жүргенін айтқан азаматша мұндай немқұрайлық адам өмірі мен денсаулығына қауіпті деп отыр. Сондай-ақ шұңқырға жиналған су Қапшағай су қоймасына ағып, экологияға кері әсерін тигізуі мүмкін. Шаһар басшылығы қазір медициналық қалдықтардың ол жерге қайдан келгенін анықтау үшін тәртіп сақшыларына тапсырма беріп, үйіндінің көзін жойған.
Қуаныш Қанатұлы