Вице-премьер 10 сотық жер беру мәселесіне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-премьер 10 сотық жер беру мәселесіне қатысты пікір білдірді

26.03.2021

Кешегі өткен комиссияның отырысында 10 сотық жер беру мәселесі тағы көтерілді. Елде жеке тұрғын үй салу үшін 1,5 млн адам кезекте тұр. Бірақ инфрақұрылым тартылмағандықтан адамдар заң бойынша тиесілі жер телімдерін ала алмай жүр. 

Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:
10 сотық. Ұнай ма, ұнамай ма? Кодексте жазылып тұр. Инфрақұрылым дайын ба, дайын емес пе? Беру керек. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Оңай сұрақтар емес қой. Оны азаматтарға бергеннен кейін инфрақұрылымын бәрін қалыптастыру керек. Ол жерде орта есеппен 4 трлн-нан артық ақша керек болады. Сондықтан оның бәрін есептеуіміз керек. Ол бір күнде шешілетін сұрақ емес. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу