Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1100 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 237300-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 971 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 214714. Қайтыс болғандар - 2936.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 131 адам ем қабылдап жатыр. 321 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 63 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50215 адамға пневмония диагнозы қойылды. 47035 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 672.