Күнбағыс майының бағасы 1,5 есе қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күнбағыс майының бағасы 1,5 есе қымбаттаған

25.03.2021

Елде күнбағыс майының бағасы былтырдан бері шамамен 1,5 есе қымбаттаған. Еnergyprom-ның дерегінше, өсімдік майы литрі ақпанда 625 теңгеден сатылған. Былтырға қарағанда 44,5%-ке қымбат. Әсіресе Атырауда майдың құны шарықтады – литрі 723 теңге. Елорда мен Алматыда 648-651 теңгеден саудаланып жатыр. Әзірге күнбағыс майының бағасы тек Петропавлда арзанырақ – литрі 562 теңге. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сарапшыларының айтуынша, бұған өсімдік майына әлемдік бағаның көтерілуі, шикізат қорының азаюы себеп.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу