Алматыда «Спутник-V» вакцинасын салдырған дәрігерден коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Спутник-V» вакцинасын салдырған дәрігерден коронавирус анықталды

25.03.2021

Алматыда «Спутник-V» вакцинасын салдырған дәрігерден коронавирус анықталды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің екпеден кейін қалайша ауырып қалғанын түсіндірді. Басқарманың мәлімдеуінше дәрігер вакцинаның алғашқы дозасын ғана алған. Екіншісін салдырғанға дейін адам коронавируспен ауруы әбден мүмкін. Науқастан 8 наурыз күні коронавирус анықталып, бір апта модульдік ауруханада емделіп шыққан. Қазір науқаспен байланыста болған барлық әріптестері ПТР тестілеуден өтті. Олардың вирус жұқтырған-жұқтырмағаны белгісіз. Ол туралы басқарма өкілі Лаура Мырзағали толық ақпаратты кейінірек береміз деп отыр.

Лаура Мырзағали, Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі:
Вакцина алу екі компоненттен тұрады. 21 күннен кейін екінші компонет салынады. Бірінші компонеттен кейін иммунитет толық қалыптаспайды. Екінші компонентті алатын кезге дейін вакцина алған адам ауырып қалуы мүмкін. Онда тұрған түк жоқ.


Хабарламаларға жазылу