Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысының өзінде ондаған ұсыныс түсіп, түрлі тілек пікірлер айтылды. Комисcия мүшелері енді олардың бәрін жеке-жеке қарастырмақ. Сондықтан, әр сенбі сайын сағат 10-да жиналып, күрделі мәселелерді ортақ талқыға салады.
Сайран Бұқанов, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы:Мәселелер көп. Оған жалғыз аграрлар кірмейді, эксперттар, ғалымдар кіріп жатыр. Тағы да депуттаттар, сенатор, экономистер, жазушылар да бар. Бәрі өздерінің ойларын айтып, шешімге келеміз. Ол бір күндік жұмыс емес.
Батырбек Уәлиев, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры:Жер мәселесінің қаншалықты ауқымды екенін бүгін естідіңіздер. Шағын шаруашылықтардан бастап, жер иеленіп отырған ірі қожалықтар да өз ойларын айтты. Комиссияның құрамы да жан-жақты. Сондықтан, осында жиналған азаматтар күрделі мәселенің шешілуіне сеп болады деп сенеміз.
Амангелді Сейітхан