Ыстамбұлда ұйғырлар Қытай саясатына қарсы наразылық білдіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда ұйғырлар Қытай саясатына қарсы наразылық білдіріп жатыр

25.03.2021

Түркияның Ыстамбұл қаласында ұйғырлар шерулетіп жатыр. Олар елге Қытай сыртқы істер министрінің келуіне байланысты наразылық білдіруде. Шерушілер Қытай билігінен ұйғырларға қарсы саясатын тоқтатып, лагерлерді жабуды талап етіп отыр. Алаңға шыққандар елде қалған туыстары мен жақындарынан еш хабар ала алмай отырғандарына шағымданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, Шыңжаңда миллионға жуық мұсылман еркінен тыс лагерлерге тоғытылған. Биыл қаңтарда АҚШ Қытайдың бұл әрекеттерін «геноцид әрі адамзатқа жасалған қылмыс» деп атады. Бейжің болса өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу